Добро пожаловать
Вход / Регистрация

ШҚО-ның Үржар ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Спасибо! Поделитесь с друзьями!

URL

Вам не понравилось видео. Спасибо за то что поделились своим мнением!

К сожалению, только авторизованые пользователи могут создавать плейлисты.
URL


Добавлено by В Спорт
1 Просмотры

Описание

Шалғайдағы Науалы ауылының балаларына енді дзюдо, еркін күрес, футбол сияқты спорт түрлерімен айналысу үшін қолайлы жағдай жан-жақты жасалып отыр.

Бұрын бос тұрған нысанды ауылдан шыққан білекті азаматтар мен тұрғындар «Туған жер» бағдарламасы бойынша бірлесіп, қалпына келтірген. Күрделі жөндеу жұмыстарына 23 миллион теңге жұмсалыпты. Бұл ауылдан түлеп ұшып, ел біріншіліктері мен Азия, Еуропа, əлемдік додаларда жүлде алған спортшы көп. 35 жылға жуық ауыл балаларын жаттықтырып келе жатқан Дәулет Қазбек жаңа спорт кешені барлық талапқа сай екенін айтады. Қазір мұнда 150-ден астам оқушы спортпен шұғылданып жүр.

Дәулет Қазбек, дзюдодан жоғары дәрежелі жаттықтырушы:

– Бұрын балаларды поштаның артындағы залда дайындағанмын. Одан да мықты балалар шыққан. Екінші Науалы орта мектебінде дайындалып жүр едік. Балаларға ең керегі – тазалық. Дайындалғаннан кейін жуынады. Үш жуынатын бөлме кабиналары бар. Зал өте жақсы, қыста жылы, таза. Желдеткіштер бар. Жаттығу залы да бар. Балаларға өте қолайлы.

Ұлан Сәрсенбаев, Науалы ауылдық округінің әкімі:

– Науалы үлкен ауыл болғандықтан, мықты азаматтар мен ағаларымыз бар. Жүректері ауылына соғып тұрады. Қол ұшын беруге әрқашан дайын. Биыл балалар алаңын, Жеңіс саябағы, балабақша, көшелерімізді абаттандыруды жоспарлап отырмыз.

Написать комментарий

Выполните вход или зарегистрируйтесь для отправки комментария.

Комментарии

Комментариев нет.
RSS